СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ 2026

🎉 Жас түлек – 2026 🎉

Соңғы қоңырау – жүрекке ерекше әсер сыйлайтын, қуаныш пен толғанысқа, жарқын естеліктер мен болашаққа деген үмітке толы айтулы күн.

🎊 Бүгін мектебімізде Соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл – мектеп өміріндегі маңызды кезеңнің аяқталғанын білдіретін ерекше мереке. Мереке түлектердің жетістіктеріне деген қуанышқа, ұстаздарға айтылған шынайы алғысқа және алтын ұя мектеппен қоштасудың қимастық сезіміне толы болды.

Салтанатты шара барысында түлектерімізге көп жылғы еңбегі, табандылығы мен білім жолындағы ізденістерінің жемісі ретінде аттестаттар табысталды. Ұстаздар жүрекжарды құттықтауларын айтып, ақ жол тілеп, армандарына нық қадам басып, биік белестерді бағындыруларына ізгі тілектерін арнады.

Мектептен алған білімдеріңіз болашақтағы табыстарыңыздың берік іргетасы болып, өмірлеріңіз жарқын оқиғаларға, үлкен жетістіктерге және бақытты сәттерге толы болсын!

❤️ Құрметті түлектер! Алдарыңыздан мүмкіндіктерге толы жарқын болашақ ашылсын! Әрдайым биік мақсат қойып, өздеріңізге сеніңіздер, қиындықтардан қорықпаңыздар және мейірімділік, шынайылық пен білімге деген құштарлықтарыңызды ешқашан жоғалтпаңыздар. Жандарыңыздан сенімді жандар табылып, әрбір жаңа күн сіздерге табыс пен бақыттың жаңа есігін ашсын!

Ақ жол, жас түлектер!

Вы можете пропустить чтение записи и оставить комментарий. Размещение ссылок запрещено.