“Мектепке жол” акциясы

«Мектепке жол» республикалық акциясы басталды

«№ 7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де жаңа оқу жылына дайындық барысында қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсетуге бағытталған жыл сайынғы республикалық қайырымдылық *«Мектепке жол»* акциясына ресми түрде бастау берілді.

Акцияның мақсаты – әрбір баланы жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз етуге ықпал ету, сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасау және отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелеріне қоғам назарын аудару.

Акция аясында мектеп педагогтерді, ата-аналарды, түлектерді, әлеуметтік серіктестерді, ұйым өкілдерін және барлық жанашыр азаматтарды игі іске атсалысуға шақырады. Мектепке қажетті оқу құралдары, кеңсе тауарлары, мектеп сөмкелері, спорттық киімдер және басқа да оқу үдерісіне қажетті заттар түріндегі кез келген көмек тәрбиеленушілерімізді қолдауға қосылған маңызды үлес болмақ.

Акция 2026 жылғы 30қыркүйекке дейін жалғасады. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз балаларға жаңа оқу жылы қарсаңында қуаныш, сенім және көтеріңкі көңіл күй сыйлай аламыз.

Жақсылық жасау – бірге болғанда оңай!

Вы можете пропустить чтение записи и оставить комментарий. Размещение ссылок запрещено.