Біздің асхана

Рационалды және теңдестірілген тамақтану – мықты денсаулық пен балалардың үйлесімді дамуының кепілі болып табылады. Балаларға тамақтануды дұрыс ұйымдастыру –бала организмнің барлық мүшелерінің жұмысы үшін маңызды және қажетті қоректік заттарды қамтамасыз етеді. Тамақтану мәселесі әрқашанда бақылауда. Тамақтану талаптарына сәйкес барлық қажетті азық-түліктерді есепке ала отырып, алдын ала екі апталық ас мәзірі дайындалады. Мектеп –интернатында бес мезгіл тамақтану тәртібі ұйымдастырылған. Мектеп әкімшілік мүшелері әрқашан тамақтанудың сапасын тексеріп отырады. Алынған азық –түліктердің сапасы бракераждық комиссия тексереді. Санитарлық ережелерге сәйкес, тамақтанатын балалардың саны, жас ерекшелігіне сәйкес тамақтың граммдық мөлшері, сонымен бірге тағам бойынша азық түліктердің шығыны есепке алына отырып ас мәзірі құрастырылады. Бұл, негізі, 2 категория: 6 жастан 10 жасқа дейінгі, 11 жастан 18 жасқа дейін балалар. Әртүрлі жастағы тамақтану ерекшелену керек. Біздің мәзірімізде әрбір тағамның құрамы, энергетикалық және тағамдық құндылығы туралы ақпараттар міндетті түрде беріледі, сонымен бірге тамақта болатын дәрумендер мен минералдық заттектердің тізімін көруге болады. Балаларға ас мәзірін құрастырудың бір ерекшелігі бұл – баланың өзіндік ұсыныстары есепке алынады. Әсіресе, бұл ересектер тобындағы балаларға пайдаланылады. Оларға өте жиі дәмді пісірілген нан, басқа да тәтілер ұсынылады. Балалар өте жиі осындай тамақтарды қажет етеді. Күнделікті тамақтану тәртібінің тізіміне енетін өнімдер: сүт өнімдері, ет, жемістер мен көкөністер. Таңғы ас ыстық тамақ пен ыстық сусындардан тұрады. Түскі астың құрамы: салат, бірінші , екінші түрлі тамақ (негізгі ыстық тамақ еттен, балық пен тауықтан) және ішімдіктен (компот, кисель). Бесін астың мәзіріне сүт қышқылы өнімдері, тоқаштар және жемістер. Кешкі астың құрамы: гарнир және балық, тауық еті мен шұжық тағамдары. Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру маңызды ма? Бала тамақты қабылдаған кезде ағзаның қажеттіліктері қанағаттандырылып, баланың келесі жағымды өзгерістері байқалады: дұрыс тәртібі мен тәтті тағамымен байланысқан жақсы тәбет; жүйке жүйесінің дұрыс жұмысымен байланысқан эмоционалдық жағдайы жақсарады. Тамақтанған кезде ағза қажетті дәрумендерді қабылдайды; белсенділіктері көтеріледі. Балалар таңертең ұйқыдан жақсы оянады, оларда ұйқы жақсарады, өйткені олар күнде белсенді болады да, өте көп энергия жоғалтады. Осылайша, егер де тамақтану дұрыс ұйымдастырылатын болса, балалар өздерінің күн тәртіптерін дұрыс жоспарлауға; дұрыс тамақтануға; қандай мөлшерде және не жеу керектігін үйренеді. Сөйтеп, балалардың әрқайсысы болашақта осыны өзі үшін, сонымен де өзінің жанұясы үшін де қолдана алады.

 

 

 

« of 3 »

 

Skip to content