Бүгінгі таңда отбасындағы зорлық-зомбылық өзекті тақырып болып қала береді. Жасыратыны жоқ, көптеген адамдар отбасындағы зорлық – зомбылықтан зардап шегеді-негізінен әйелдер мен балалар құрбан болады, сондықтан педагог-психолог Д.Д. Садвокасова және әлеуметтік педагог Ж. Т. Аухалиева осы бағыт бойынша мақсатты профилактикалық жұмыс жүргізуде.
7-10 сынып оқушыларына «тұрмыстық зорлық-зомбылық»тақырыбында дәріс өткізілді.
Оның негізгі мақсаты отбасылардағы, оқу орындарындағы және қоғамдық орындардағы балалар мен жасөспірімдерге зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
Дәріс аясында балаларға достар мен туыстардың проблемалары туралы үндемеу мүмкін емес екендігі түсіндірілді. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық түрлері туралы және ата-аналардың балаға зорлық-зомбылық ретінде қабылдануы керек әрекеттері туралы әңгімелесті.
Соңында балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы бейнеролик ұсынылды.
«Айта кету керек, балалар дәріс тақырыбына өте байсалды қарады. Бұл өте өзекті тақырып, ол туралы айту керек. Өйткені, бұл әрекеттердің салдары ең қиын.