Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 75 бала қатысқан “JUlDYZAI” Халықаралық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңінде 1 орын алған Еременко Константинді құттықтаймыз.
Константин синтезаторда “Пассакалия” аспаптық композициясын орындады. Келесі турда сәттілік тілейміз!!!!
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
🔸Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
🔸Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.
❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
“Ертегілер әлемінде”
«Baursak party»
“JEBE”
Наурыз мерекесінің құрметіне “JEBE” қоғамдық бірлестіктің бастамасы бойынша “Ең әдемі киім – ұлттық киім” атты жоба іске асырылуда. Мектеп – интернатының педагогтары бұл жобаны белсенді қолдауда.
“Әлемде мейірімділік көп болса, мен де, сен де бақытты боламыз! “ тақырыбымен мамандардың әдістемелік апталығы басталды. Әдістемелік апталығын өткізудің мақсаты- балалардың жақсылық, қайырымдылық, адал істері туралы көріністерін қалыптастыру. Міндеті: балаларды адамгершілік түсініктер: мейірімділік, әдептілік, өзін-өзі қадірлеу, айналадағыларға сыпайылықпен қарауға үйрету.
Назар аударыңыз!
Дене шынықтыру және спорт апталығы басталады.
Оның аясында келесі іс-шаралар өткізіледі:
1. Салтанатты ашылуы
2. “Үлкен жарыс” эстафетасы-7-9 сынып оқушыларына арналған таза ауадағы ойындар.
3. 5-6 сынып оқушылары үшін “Жасасын денсаулық” көңілді старты
4. Бастауыш сынып оқушыларына арналған “Мультиспорт” зияткерлік-ойын-сауық мобильді ойыны.
5. Аптаның салтанатты жабылуы, қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
“Шексіз шығармашылық”
“Шексіз шығармашылық” республикалық қашықтық байқауына биыл 49 тәрбиеленуші қатысты, оның ішінде 21 жүлделі орын:
Трофимова Карина-1 орын
Қабылқаят Жаннұр -1 орын
Карпанбаева Айзия -1 орын
Витохина Алина -1 орын
Айжариков Даниял -1 орын
Абдулова Рунара -1 орын
Светличная Наталья-2 орын
Сағдатқызы Томирис-2 орын
Сәбитов Мерхат-2 орын
Мубаракова Жансая – 2 орын
Захиров Адам-2 орын
Дорошко Игорь-2 орын
Дернина Павел-2 орын
Бессонов Эдуард-2 орын
Шәріпбеков Амангелді-2 орын
Муратов Тамерлан-3 орын
Шевченко Анастасия-3 орын
Нефедкин Власислав-3 орын
Қожабаев Қуаныш-3 орын
Кенжебаева Дильназ – 3 орын
Головащенко Святослав – 3 орын.
Жеңімпаздар мен педагогтарды құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз және әрқашан жеңіске ұмтыламыз!