“Жұлдыз-ай 2025” Ұлттық инклюзивті ойындары

“Жұлдыз-ай 2025” Ұлттық инклюзивті ойындары . 2025 жылғы 1-4 қазаннан бастап Астана қ.Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар арасында кезекті жарыстар өтті. №7 арнайы мектеп-интернаттан спорттың екі түрі – Тоғыз құмалақ және Гол-бол спортшылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 8 сынып оқушысы Қарабаева Минура тоғызқұмалақтан 1 орынды иеленді. Гол-болудан қыздар командасы 2 орынға ие болды, тек Маңғыстау облысынан кейін, ұлдар командасы 3 орынға ие болды. Спортшыларымызды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз, алға жылжып, жаңа тұғырларды бағындыруға тілектеспіз!. Дене шынықтыру мұғалімдері Н.К. Махамбетовке және А.Б. Исеновке спортшыларды жақсы дайындағаны үшін алғыс айтамыз. Сіздерді мақтан тұтамыз, біздің спортшылар!!!!

Вы можете пропустить чтение записи и оставить комментарий. Размещение ссылок запрещено.