Бос орындар

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім басқармасының “№7 арнайы мектеп – интернаты” КММ. Мекен-жайы: Павлодар қ., Щедрин к-сі, 58, тел.: 8 (7182) 220110, e-mail oskshi@mail.ru

Бос лауазымы – тәрбиеші 1,25 ставка, Б 34-187 145,77 тг.

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ

10.02.2026 жыл-19.02.2026  жыл

КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ОРНЫ

Павлодар қ., Щедрин к-сі 58

Біліктілік талаптары-тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе “арнайы педагогика” қосымша білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, жұмыс өтіліне талаптар қойылмай қайта даярлау туралы құжат немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе “арнайы педагогика” қосымша білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмай; және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандық бойынша жұмыс өтілі-6 жыл; және (немесе) біліктіліктің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.