2023 жылғы 17 сәуірде Шахмат Үйінде өткен “№7 арнайы мектеп-интернат” КММ педагогтары “кәсіподақ SportFest” облыстық спорт Фестивалінің “Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ шеңберінде тоғызқұмалақ пен шахматтан іріктеу жарыстарына қатысты.
Мектеп-интернат басшысы Айтжан Шайахметұлы Смайлов пен педагог – ұйымдастырушы Жәмила Мұхаметғалиқызы Кертаева шахматтан 1 орын алды.
Дене шынықтыру мұғалімі Нажмиден Қаскербайұлы Махамбетов тоғызқұмалақтан 3 орын алды.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз және облыстық турға сәттілік тілейміз!