Бүгін Оқушылар сарайы базасында Алғыс айту күніне арналған “Екі жұлдыз” балалар шығармашылығы байқауы өтті.
“№7 арнайы мектеп-интернаты ” КММ конкурсқа белсенді қатысты.
Жас әртістер қазылар алқасы мен көрермендерді өз таланттарымен бағындырды.
Байқау қорытындысы бойынша Хореография номинациясы бойынша Кертаева Джамиля Мұхаметғалиқызы мен ” Big family “би ұжымы құрметті екінші орынға ие болды.
“Аспаптық орындау” номинациясы бойынша Кауменова Гүлнара Тілеубергенқызы мен Еременко Константин 1 орынды иеленді!
“Вокал” номинациясы бойынша тәрбиеші Мусалимова Гүлмира Қапшақызы мен Мүбаракова Жансая 1 орынды иеленді!
“Екі жұлдыз” байқауының ГРАН-приін алғаш рет үлкен сахнада өнер көрсеткен 2 “А” сынып оқушысы Гайнетдинов Әмір және педагог Тезекбай Майра Болатқызы жеңіп алды!
Ұстаздар мен оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!