Педагогикалық тәжірибені талдап қорыту шеңберінде 2023 жылғы 15 ақпанда №7 арнайы мектеп-интернатының базасында «Арнайы білім беру ұйымының аясында мүмкіндіктері шектеулі білім алушылардың оқу – тәрбие қызметіне ынтаны арттыру үшін жағдайлар жасау» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинар жұмысына Павлодар облысы білім беру басқармасының балалар құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру жөніндегі бас маманы Ж.О. Айтмұхамбетова, инклюзивті және арнайы білім беру бойынша білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Б. К. Суйлеменова, облыстың арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Семинардың пленарлық бөлімі барысында білім беру ұйымдары педагогтерінің жұмыс тәжірибесінен баяндамалар ұсынылды.
Сондай-ақ, ашық сабақтар мен тәрбие іс-шаралары өткізілді, онда педагогтер ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу-тәрбие қызметіне деген ынтасын арттыратын жұмыстың инновациялық және тиімді әдістерімен және тәсілдерімен бөлісті.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.