12 сәуірде мектеп-интернатта жоғары сыныптар әдістемелік бірлестігінің апталығы басталды. Бұл дегеніміз, барлығымызды гуманитарлық және жаратылыстану-математика ғылымдары әлеміне қызықты саяхат күтіп тұр: конкурстар, викториналар, ашық сабақтар, жаппай диктант және, әрине, грамоталар мен сыйлықтар.
Ұйымдастырушылар апта басталғанға дейін жақсы дайындалды. Апталықтың қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ұстазы Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған газет дайындалды. Ақынның дана сөздері: “Кел, балалар, оқылық!”, біздің балаларға тәлім беру, білімнің жаңа шыңдарын бағындыруға ынталандыру болады. Жоғары сыныптардың әдістемелік бірлестігі апталығының барлық қатысушыларына сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз.