№7 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері “Жұлдыз- ай 2023″Республикалық инклюзивті ойындарының жеңімпаздары

20-21 қыркүйекте Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында “Жұлдыз 2023″Ұлттық инклюзивті ойындары өтті

“№7 арнайы мектеп-интернат” КММ тәрбиеленушілері спорттың үш түрінен қатысты.

Үстел теннисінен жарыс қорытындысы бойынша 10 “А” сынып оқушысы Збасарова Сабина 1 орынды, 7 “А” сынып оқушысы Жиденко Леонид 3 орынды иеленді.

Тоғызқұмалақтан жарыста 10 “А” сынып оқушысы Ахметова Аружан 1 орынды, 6 сынып оқушысы Ғаббас Бекзат 2 орынды жеңіп алды.

Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған ойында “Гол бол” (шырылдаған доп) жасөспірімдер командасы 2 орынды, ал қыздар командасы 3 орынды иеленді.

Республикалық инклюзивті ойындардың жеңімпаздары мен балаларды дайындаған педагогтарды Н.К. Махамбетовты, А. Б. Исеновты құттықтаймыз.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.
Skip to content