ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

2025 жылғы 28 қазанда “Павлодар облысының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы” КММ-де “Үздік авторлық бағдарлама” республикалық конкурсының облыстық кезеңі конкурсы өтті, оған біздің мектептің педагогтары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша “психологиялық қызмет, әлеуметтік педагогика” бағыты бойынша дефектолог-мұғалім Қасымқанова Ақбота Серікқызы құрметті 2 орынды, тәрбиеші Тлеува Гүлнара Уахитқызы 3 орынды иеленді.
“Эстетикалық пәндер” бағыты бойынша технология мұғалімі Жуанышева Гүлсім Хамзинқызы 2 орынды иеленді.
Әріптестерімізді облыстық байқауда лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!

Вы можете пропустить чтение записи и оставить комментарий. Размещение ссылок запрещено.