ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

         

2026 жылғы 4 наурызда КММ «№7 арнайы мектеп-интернаты» базасында Павлодар облысының арнайы мектеп педагогтары, сондай-ақ жалпы білім беретін ұйымдардың логопедтері мен дефектологтарына арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларда практикалық бағыттағы  дағдыларды қалыптастыру құралы ретінде оқу үдерісіне түзете-дамыту және тәрбиелік жұмысты кіріктіру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар ашық сабақтарға, шеберлік сағаттарына және практикалық жұмыстарға қатысып, онда түзету жұмысының заманауи тәсілдері, білім алушылардың өмірлік құзыреттерін қалыптастыру және олардың дербестігін дамыту жолдары көрсетілді.

Семинар барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
* коммуникативтік дағдыларды дамыту
* тұрмыстық және еңбек дағдыларын қалыптастыру
* тәрбиелік міндеттерді сабақ құрылымына кіріктіру
* мамандардың пәнаралық өзара әрекеттестігі

Семинар өңірдің білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және арнайы әрі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды алаңға айналды.

Белсенді жұмысы, қызығушылығы және арнайы әрі инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға деген ұмтылысы үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Вы можете пропустить чтение записи и оставить комментарий. Размещение ссылок запрещено.