1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өтуде.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушыларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезінде қолдау көрсету, атаулы көмек көрсету
Іс-шараға кез келген адам қатыса алады: волонтерлар, кәсіпкерлер, меценаттар, қоғамдық ұйымдар және т.б.
Қатысушылар мектеп әкімшілігіне хабарласып, мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады.