“Алтын сақа” инновациялық орталығымен ынтымақтастық күні “№7 мектеп-интернаты” КММ-ның оқушылары “Алтын сақа” инновациялық орталығындағы “Ұлағат” үйірмесіне қатысып, қазақ ұлтының ұлттық құндылықтармен танысты.

“Алтын сақа” инновациялық орталығымен ынтымақтастық күні
“№7 мектеп-интернаты” КММ-ның оқушылары “Алтын сақа” инновациялық орталығындағы “Ұлағат” үйірмесіне қатысып, қазақ ұлтының ұлттық құндылықтармен танысты. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай – қолөнерші, ардагерлер мүшесі, құрметті зейнеткер, төсбелгілер иегері, Гиннес кітабына енген, аузын ашса жүрегі көрінетін, орақ тілді, қазаққа жанашыр, нағыз өнердің адамы Сунгатова Ғалия Балтабаевна оқушыларға қазақтың салт- дәстүрі мен әдет ғұрыптары туралы мәліметтер берді. Өзінің жылдар бойы жасап келе жатқан өз қолынан шыққан бұйымдарымен, яғни ұлттық киімдер:кимешек, бас киім, тігу, тоқу, киіз басу және т.б. көптеген туындыларымен таныстырды.
Оқушылар үйірмеден жақсы әсер алды. Осындай Елімізге жанашыр, жас ұрпақты болашаққа жетелейтін, ғұлама өнердің адамдары үлгі болып жүрсе, нұр үстіне нұр еді, деп тілегіміз келеді
Құрметті,Ғалия Балтабаевна! Сізге шексіз алғыс білдіреміз! Денеңізге саулық тілейміз! Жасап жатқан еңбектеріңіз гүлдене берсін! Жастарымыздың ортасын жарастырып, аман-есен жүре беріңіз! Шығармашылық табыс, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.
Skip to content