2023 жылғы 25 наурызда «Қазақстан голбол федерациясы» ЗТБ Алматы қаласындағы Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, ұлдар мен қыздар арасында голболдан «Звенящий доп» республикалық инклюзивті турнирін бастады. Турнирге Маңғыстау облысы, Павлодар облысы, Астана қ., Шымкент қ. командалары қатысады.