2023 жылғы 5-14 сәуірде Түркістан қаласында Көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында дойбыдан 64 республикалық чемпионат өтті.
№7 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Муритова Айсара мен Төлеухан Санжар Павлодар облысы құрамасының атынан қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Төлеухан Санжар ұлдар арасында 1 орынды (18 жасқа дейінгі жас санатында), Муритова Айсара қыздар арасында 2 орынды (18 жасқа дейінгі жас санатында) жеңіп алды. Павлодар облысының командасы 1 орынды иеленді.
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз, Біз Сіздерді мақтан тұтамыз!
Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.
Перейти к содержимому