Бүгін Оқушылар сарайы базасында Алғыс айту күніне арналған «Екі жұлдыз» балалар шығармашылығы байқауы өтті.
«№7 арнайы мектеп-интернаты » КММ конкурсқа белсенді қатысты.
Жас әртістер қазылар алқасы мен көрермендерді өз таланттарымен бағындырды.
Байқау қорытындысы бойынша Хореография номинациясы бойынша Кертаева Джамиля Мұхаметғалиқызы мен » Big family «би ұжымы құрметті екінші орынға ие болды.
«Аспаптық орындау» номинациясы бойынша Кауменова Гүлнара Тілеубергенқызы мен Еременко Константин 1 орынды иеленді!
«Вокал» номинациясы бойынша тәрбиеші Мусалимова Гүлмира Қапшақызы мен Мүбаракова Жансая 1 орынды иеленді!
«Екі жұлдыз» байқауының ГРАН-приін алғаш рет үлкен сахнада өнер көрсеткен 2 «А» сынып оқушысы Гайнетдинов Әмір және педагог Тезекбай Майра Болатқызы жеңіп алды!
Ұстаздар мен оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!