Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында, сондай-ақ экологиялық жоба шеңберінде 5 «А» сынып оқушылары Ертіс өзенінің жайылмасын тұрмыстық қоқыстан тазарту бойынша «Таза қала»акциясына қатысты. Жас еріктілердің көмегінің арқасында біздің әдемі Усолка шағын ауданы одан да әдемі болды. Еңбек десантының соңында оқушылар ата-аналарымен бірге табиғатта пикник ұйымдастырды.
Балаларға таза ауада уақытты пайдалы өткізу өте ұнады, өйткені туған өлкеміздің табиғатын сақтау біздің қолымызда. Біздің жоспарымызда қалалық сенбілікке @jasylel_pvl еріктілерімен және мектеп-интернат оқушыларымен бірлесіп ауқымды қатысу көзделген.