№7 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері «Жұлдыз- ай 2023″Республикалық инклюзивті ойындарының жеңімпаздары

20-21 қыркүйекте Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Жұлдыз 2023″Ұлттық инклюзивті ойындары өтті

«№7 арнайы мектеп-интернат» КММ тәрбиеленушілері спорттың үш түрінен қатысты.

Үстел теннисінен жарыс қорытындысы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Збасарова Сабина 1 орынды, 7 «А» сынып оқушысы Жиденко Леонид 3 орынды иеленді.

Тоғызқұмалақтан жарыста 10 «А» сынып оқушысы Ахметова Аружан 1 орынды, 6 сынып оқушысы Ғаббас Бекзат 2 орынды жеңіп алды.

Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған ойында «Гол бол» (шырылдаған доп) жасөспірімдер командасы 2 орынды, ал қыздар командасы 3 орынды иеленді.

Республикалық инклюзивті ойындардың жеңімпаздары мен балаларды дайындаған педагогтарды Н.К. Махамбетовты, А. Б. Исеновты құттықтаймыз.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.
Перейти к содержимому