2024 жылғы 24 қаңтарда «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де «Арнайы білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі шеңберінде білім алушылардың негізгі құзыреттерін қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыстың тиімді әдістері мен тәсілдерін іске асыру»тақырыбында жыл сайынғы облыстық семинар өтті.
Семинарға арнайы мектеп-интернаттар мен түзету балабақшаларының 17 педагогы қатысты.
Облыстық семинар-практикумның жұмысын аша отырып, №7 арнайы мектеп- интернатының басшысы А. Ш. Смайлов: «Біздің кездесуіміз кездейсоқ емес, арнайы балабақша – бұл ерекше балаларды оқыту мен әлеуметтендірудегі бастапқы қадам, ал мектеп — ересектердің толыққанды өміріне дайындалуға арналған платформа. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі оқу орындарының сабақтастығы өте маңызды».Арнайы балабақшалардың әдіскерлері ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері, ұйымдасқан қызметте инновациялық технологияларды қолдану және көру қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстары туралы баяндамалар жасады.
№7 арнайы мектеп- интернатының педагогтары өз кезегінде мектеп-интернат жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті: ашық сабақтар, мастер-класс және коучинг өткізді. Музыка және түзету пәндерінің мұғалімі Р. Е. Осипова мастер-класс барысында ақыл ойы — бұзылған балалармен жұмыс жасауда музыка сабағының әртүрлі кезеңдерінде оқытудың белсенді әдістері қалай қолданылатынын нақты көрсетті.
Рөлдік ойын түрінде «Табысқа бір қадам» коучингі өтті, онда әр мұғалім ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың тағдырында белгілі бір рөл атқарды. Диалог ойынына мұғалім, тәрбиеші, дәрігер, нормотиптік баланың ата-анасы,әлеуметтік педагог, мамандар қатысты. Коучингке қатысушылар қиын педагогикалық мәселелерді шешуге мәжбүр болды: өсу, өзгеру, қателіктер жіберу, сәтсіздікке ұшырау және әрі қарай жүру.
Семинар жылы достық жағдайда өтті, қонақтардың бірінің: «Күн сайын әрқайсымыз ерекше балаға қадам жасаймыз-оны таптырмас жетістікке жетелейміз» деген сөздермен аяқталды.